Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің кезекті ойынын «Қуаныш» клубы «Тұранға» қарсы өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Түркістаннан келген команда жерлестерімізге азуын көрсетуге тырысты. Дегенмен «Қуаныш» қыздары қарсыластарының алдын орап, бірінші кезеңде 25:23 есебімен жеңіске жетті. Екінші бөлімде «Тұран» клубы қызылжарлықтардан 25:20 есебімен басым түсті.
Үшінші кезеңде қос командада да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бұл бөлім 25:22 есебімен аяқталды. Бұл жолы жеңіс «Қуаныш» клубына бұйырды. Ал шешу кезенің нүктесін солтүстікқазақстандықтар қойды. Осылайша ойында 3:1 есебі тіркелді.
Бүгін «Қуаныш» клубы «Жетісу» командасымен ойнайды. Матч сағат 18:30-да өтеді деп жоспарланып отыр.