Анасын алдаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы колледждің студенті өз анасын 1 млн. теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл тұрғынына өзі алмаған ірі сомадағы несиені төлеу туралы хабарламалар келе бастаған. Мұны көрген әйел дереу полиция басқармасына жүгініпті. Несиені кім алуы мүмкін екені туралы еш болжам болмаған. Жедел уәкілдер түрлі сұрақтар қойған кезде, оның есіне 16 жастағы ұлы өткен жылдың желтоқсан айында сайттардың бірінде тіркелуді өтінгені және емтихан сұрақтарына арналған жауаптарды алуға болатыны туралы айтқаны есіне түседі. Жасөспірімнің айтуынша, сайтта екі адамды тіркеу кезінде нақты бағасы жеңілдетіледі деген ұсыныс болған. Тіркеу процедурасында адамның фото және бейневерификациядан өтуі қажет болған.
– Осы процедура арқылы жәбірленушінің атына 1 миллион 180 мың теңге көлеміндегі несие ресімделгені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын, тергеушілер іс материалдарын сотқа жіберуге дайындалып жатыр, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.
СҚО-да 11 айдың ішінде интернет-алаяқтықтың 716 дерегі тіркелді. Оның 91-і бөгде адамдардың атына несие рәсімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz