СҚО-да ХҚКО операторларымен 400 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторларымен 400 мың мемлекеттік қызмет, өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарына тұрғындардан 520 мың өтініш түсіп қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықтың дені ХҚКО-ға электронды-цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу және жеке куәліктер мен паспорттар алу жөнінде жүгінді.

Жалпы ел бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген қазақстандықтар 16,6 млн-нан астам мемлекеттік қызмет түрін алды. Сондай-ақ қызмет көрсету секторларында 15 млн-нан астам қызмет көрсетілді

Биыл мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалықтарымен, яғни «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функцияларының «Азаматтарға арналған үкіметке» берілуі, ХҚКО-ларда ЖЖЕ 3.0 жүйесін, яғни жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырудың бақылау деңгейі жоғары жаңа жүйесін енгізілуімен есте қалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz