АІЖО ААЖ ел азаматтарына атқарушылық іс жүргізу саласындағы сенімді ақпаратқа ыңғайлы әрі қолжетімді. Жоба мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген.
Пайдаланушылар үшін мынадай қызметтер қолжетімді:
- Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
- Елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.
- Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)
- Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
- QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.
— Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойған еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Digital Justice жобасының портфелінің шеңберінде АІЖО ААЖ мобильді қосымшасы әзірленді және оған ешқандай бюджет қаражаты жұмсалған жоқ, — дейді Әділет министрлігіндегілер.
Қолданбаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.