Синоптиктер 28, 29, 30 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республикадағы ауа райына Атлант циклоны ықпал етеді. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді. Оған қоса желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болады.

29-30 солтүстік және оңтүстік облыстарда екпіні 30 м/с және одан да көп болатын қатты жел соғады.

— 30 желтоқсанда түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аяз 3-13 градусқа дейін аздап төмендейді деп болжанған, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz