Қаланың 3 жылға арналған бюджеті бекітілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті. Халық қалаулылары 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті бекітті. Бұл жиынға қала басшысы Серік Мұхамедиев қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Ерханов халық қалаулыларын  2024-2026 жылдарды арналған қала бюджетімен таныстырды.

– Келер жылы қала бюджетінің жалпы көлемі 36 млрд 478, 5 млн теңгені құрамақ. Салық түсімдері 28 млрд 845,4 млн теңге шамасында болады. Салықтық емес түсімдер – 321 млн теңге. Негізгі капиталға сатудан түсетін кіріс 7 млрд 312,1 млн теңге шамасында, – деді Марат Ерханов.

2024 жылы қаланың құрылыс саласына 1 млрд теңгеден астам бағыттау жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт бағытына 389 млн теңге қарастырылған. Басқарма аппараттарына бағытталатын қаржы – 1 842 млн теңге. Әскерге шақырту науқанына арналған сома 93 млн теңгеден асады, ал БАҚ арқылы жүргізілетін мемлекеттік саясатты іске асыруға 112 млн теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған.

Сондай-ақ бұл жиында қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика салаларын және қоршаған ортаны дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия,  әлеуметтік қорғау, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия, депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қалалық мәслихаттың қоғамдық ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағаларының  есебі тыңдалып, қабылданды.

Жиын соңында аумақтық комиссия мүшелерін және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселелері талқыланып, Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі жер комиссиясының қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz