СҚО-дағы 20 ауылдың тұрғындары жарықсыз отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан электр қуатынан ажырап қалған елді мекендерге тек ертеңдері ғана жарық берілуі мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қайырбековтың айтуынша, 26 желтоқсан күнгі боранда барлық 13 ауданның 181 елді мекені жарықсыз қалған болатын.

Қазіргі уақытта 8 ауданның 20 елді мекені электр қуатынан ажыраған. Олар: Есіл, Мамлют, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Қызылжар, Айыртау, Шал ақын және Тимирязев аудандары. Бұл – 1 053 абонент.

— Үзілген жерлерді тез анықтап, қалпына келтіру мүмкін болмады. Оған біріншіден ауа райы әсер етті және жұмыс көлемі ауқымды. Бүгін-ертең барлығын қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта 92 апаттық-жөндеу бригадалары жұмыс істеп жатыр. 195 техника жұмылдырылған. Жалпы бізде кезекші апаттық-жөндеу бригадалары бар. Олар мереке күндері де кезекшілік атқарады, — дейді Ерлан Қайырбеков.

СҚО бойынша бүгінде электр желілерінің 87%-ы тозған. Соның салдарынан қолайсыз ауа райында электр сымдары үзіліп, зардабын тұрғындар тартып жатыр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz