Қазақстандықтар енді анықтама қағазын алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге сандалмайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Енді баланың білім алып жатқаны туралы ақпарат Қазақстанның eGov mobile электронды үкіметінің мобильді қосымшасында цифрлық құжат түрінде көрсетіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Енді баланың білімі туралы ақпарат eGov мобильді жүйесінде цифрлық құжат ретінде қолжетімді. Оны оқу орнынан алынатын анықтаманың орнына пайдалануға болады.

— Енді оқу орныңыздан анықтама алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге хабарласып, оның дайын болғанын күтудің қажеті жоқ, — делінген eGov.kz хабарламасында.

Білім алып жатқаны туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымы туралы ақпараттан бөлек балабақшаның жас тобы мен топ атауы, мектеп үшін сынып және әріп, колледж үшін топ коды көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz