— ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады, – делінген хабарламада.
— Бұл әсіресе жаңа жылдық мерекелерді өткізу орындарына (дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар), сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, оқушылар сарайлары, СОО, сауда үйлері, дүкендер, балалардың ойын-сауық орталықтары, базарлар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) қатысты. Оларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет, — дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.