Кеше Жұмысшы кентінде бір отбасының үш мүшесін өлтірген азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесінің табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.
— Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің бақылауында, — дейді баспасөз қызметі.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.