196
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың кейбір учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Компанияның мәліметінше, 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
- Ақмола облысы – 14 учаске;
- Жамбыл облысында – 1 учаске;
- Жетісу облысында – 1 учаске;
- Қарағанды облысында – 3 учаске;
- Қостанай облысында – 5 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске;
- Түркістан облысында – 1 учаске;
- Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ болғандықтан, бұл өңірлерде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
«ҚазАвтоЖол» қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 техника жұмыс істеп жатқанын атап өтті.