Булаево қаласында өрт оқиғасы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында 16 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар қызыл жалыннан 13 адамды шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылдың бірінші күнінде Булаево қаласында екіқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына келген құтқарушылар отты ауыздықтауға кірісіп,  13 адамды тілсіз жаудан құтқарды.

— Өрт туралы ақпарат хабар «101» пультіне сағат 13:21-де келіп түсті.  5 минуттан кейін кезекші қарауыл сол жерге келіп, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге кірісті. Стокер ашық отпен жанып, өрт пәтерге тарады. Төбеден шыққан улы түтін жоғарыға қарай көтерілді. Екінші қабаттың терезесінен баспалдақпен адамдар эвакуацияланды. Қызыл жалын сағат 13:50-де толығымен ауыздықталды, — дейді азаматтық қорғау бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Ерсұлтан Ақтан.

Өртті сөндіру кезінде қарауылдың жеке құрамы 27 литрлік газ баллонын шығарды. Қызыл жалынның жалпы шарпыған ауданы 12 шаршы метрді құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz