СҚО-да қызылшаны жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мереке күндері қызылшаны жұқтырудың жаңа деректері тіркелмеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста жұқпалы ауруға 241 адам шалдыққан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметінше, қызылшаны жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавлда, 207 дерек тіркелген. 7 жағдай – М.Жұмабаев, 6-уы – Қызылжар, 5-уі – Есіл, 4 факті – Айыртау, Аққайың және Мамлют аудандарында анықталған. Бір-бір деректен Тайынша мен Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда тіркелген.

– Жаңа жылдық алғашқы күндері тұрғындарда қызылшаны жұқтыру фактілері тіркелген жоқ. Бүгіндері жұқпалы дертке қарсы ақпаратты солтүстікқазақстандықтар EGU.kz сайтынан немесе 7701 жедел желісі бойынша ала алады, — дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz