Мереке күндері полицейлер күшейтілген режімде жұмыс істеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 2-сі күндері аралығында полицияға облыс тұрғындарынан 1154 қоңырау түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД мәліметінше, «102» нөміріне хабарласқандардың 369-ы полицияның жедел әрекет етуін талап еткен.

– Мереке күндері 10 ұрлыққа, 3 алаяқтыққа, 38 отбасылық жанжал қатысты фактілер туралы хабарланды. Сондай-ақ, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 26 дерегі тіркелді. Барлық шақыртулар бойынша қажетті шаралар қабылданды. Соңғы үш тәулік ішінде солтүстікқазақстандықтар көбінесе полицияға сағат 18-ден түн ортасына дейін және түнгі сағат 1-ден таңғы сағат 4-ге дейін қоңырау шалған, — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Қайырбек Баймөнкенов.

31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz