Көлік басқару құқығынан айырылғандар ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған 22 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жылы облыста мас күйінде көлік жүргізген 1164 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды.

– Көлік құралдарын мас күйде басқару – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың бірі. Күн сайын аталған құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігінің санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соқтырады, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйде көлік жүргізген 22 факті тіркелді. Бұл – Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабына жататын қылмыстық құқық бұзушылық. Осы баптың 1-бөлігі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бөлімшелері қызметкерлерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау және жолын кесу, соның ішінде мас жүргізушілерді анықтау бойынша профилактикалық жұмысы жалғасуда. Еске салайық, жаңа жыл мерекесінде облыс бойынша мас күйінде рөлге отырған 5 адам ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz