Үйдегі ұрыс-керістен 5 әйел қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыста отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 47 қылмыс жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бас инспекторы Әсия Әбжанованың айтуынша, өңірде зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс 1,7 % азайған. 2022 жылы 53 дерек тіркелсе, былтыр 47 қылмыс анықталды. Соның 28-і – әйелдерге қатысты болған.

— Былтыр үйдегі ұрыс-керіс кезінде бес әйел қайтыс болды, 10 әйел ауыр жарақат алды. Тағы соншасына орташа деңгейде денсаулығына зиян келді.

Қылмыстық істер көбіне Петропавлда жасалады. Ол халық санына және ойын-сауық, көңіл көтеру орындарының көптігіне байланысты, — дейді Әсия Әбжанова.

2023 жылғы шілдеде ҚР Әкмшілік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты отбасының шырқын алатындарды жазалау жеңілдеген. Бұрын жапа шегушінің арызы қажет болса, енді факті болған жағдайда полицейлер іске кірісіп, тиісті шара қолданады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz