Облыс әкімі қаладағы кәсіпорындарды аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Петропавлдағы кәсіпорындарды аралап, балабақшаның құрылысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда соңғы рет балабақша 2017 жылы ашылған болатын. Сол уақыттан бері облыс орталығында бірде-бір мектепке дейінгі білім беру нысаны салынбаған. Биыл бұл бағытта 2 жоба жүзеге асырылмақ.  Оның бірі «Береке» шағынауданында 140 орынға шалқталған мекеме болмақ.

Қаланы аралау барысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов балабақшаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ «Жас өркен» шағынауданында да 280 балаға шақталған мектепке дейінгі білім беру нысаны салынбақшы.

Өңір басшысы «Сұлтан ЭММК» АҚ, нан-тоқаш комбинаты және «Дез» серіктестігінде болды. Бұл кәсіпорындар макарон, нан өнімдері және ұн шығару арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оған қоса, Ғауез Нұрмұхамбетов «IMZ-Kazakhstan» серіктестігінің мотоцикл құрастыру жұмысымен танысып, көтерме сауда орталығы және көкөніс сақтау қоймасына барды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz