Петропавлда тыныштықты бұзудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласында түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 2104 фактісі тіркелді. «102» арнасына келіп түсетін шақыртулардың басым бөлігі пәтерлерді жалға алатын адамдардың кінәсінен туындайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, демалыс күндері қоңыраулар саны артады, кейде бір түнде 10-12 факті бойынша шаралар қабылдайды.

Петропавлдағы ең шулы пәтерлердің екеуі Интернационал көшесінде болса, біреуі Жұмабаев көшесінде орналасқан. Бір жыл ішінде аталған пәтерлердің көршілері полицияға 7-8 рет шағым түсірген. Жалдап тұрған мазасыз тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пәтерден шығарылған.

– Учаскелік полиция инспекторлары пәтерлердің иелерімен тиісті жұмыстар жүргізеді, оларға әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуына себеп болатын жағдайлар мен шарттарды жою туралы ұсыныстар жіберілді. Облыс орталығында осындай ұсыныстарды елемеген пәтер бюроларының бірінің әкімшілігі жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған, – дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz