Декларацияны кәсіпкерлер де тапсыруға міндетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл қаңтардың 1-нен бастап жеке декларацияны кәсіпкерлер тапсыратын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Елімізде жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталды. Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсыну қажет. Оның басты мақсаты – көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

– Декларацияда шетелдегі активтер, яғни жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, арнайы техника, әуе және теңіз кемелері көрсетілуі керек. Сонымен қатар банктік шоттардағы 1000 АЕК-тен (3 450 000 тг) асатын, шетелдік банктердегі жиынтығы да 3 450 000 теңгеден асатын болса оны да көрсетуі тиіс. Сондай-ақ қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылықтарды, зергерлік бұйымдарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушы бағалауы керек, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Саян Мейрамов.

Декларацияны ұсынбаған жеке тұлға бірінші рет ескерту алады. Ал келесі жылы тапсырмағандарға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz