«Севказэнерго» АҚ: Жылу тарифін көтеру қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жылу тарифі өскеннен кейін бұл салада еңбек етіп жүрген жұмысшылардың жалақысы арта түспек. Мұны «Севказэнерго» АҚ басшылығы алға тартып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Монополист компания қалада жылу энергиясын өндіру тарифін 6,5%-ға арттыруды сұрап отыр. Олардың сөзінше, көп жылдан бері осы саладағы қызметкерлердің еңбекақысы өспей келеді. Егер көрсетіліп жатқан қызмет түрінің құны артса, компаниядағы жұмысшылардың табысы да көбеймек. «Севкказэнерго» АҚ табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментіне осындай ұсыныс жасады.

– 2023 жылға бекітілген тарифті өзгерту туралы ұсыныс түсті. 2024 жылғы қолданыстағы тарифпен (4059,9 теңге/Гкал) салыстырғанда 6,5%-ға өзгереді. Қазіргі уақытта өтініш департаментте қаралып жатыр, – дейді табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz