СҚО тұрғындары ақпанның 29-нан наурыздың 1-не қараған түні сағат тілін бір сағатқа шегермек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көктемнің басталуымен елімізде бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді. Қазақстанның барлық өңірлері UTC + 5 уақыт белдеуінде болады.
Бұл шешім қабылданбас бұрын депутаттар, шенеуніктер, ғалымдар мен дәрігерлерден тұратын жұмыс тобы бір жыл ішінде уақытты есептеу мәселесін зерттеп, уақыт белдеулерін реттеу немесе оларды синхрондау халықтың денсаулығына, экономикаға, білімге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні 15 облыс пен үш мегаполистің (Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының) тұрғындары сағат тілдерін бір бағытқа ауыстыруы тиіс.
Батыс өңірлер (Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) әдеттегі сағат белдеуінде қалады.