Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы петропавлдықты облыс орталығындағы Жұмысшы кентінде қолға түсірді. Тәртіп сақшылары жас жігіттен зиплок пакеттеріне салынған 34 түйіншек тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Сараптаманың нәтижесіне сәйкес, олардың ішінде жалпы салмағы 29,95 грамды құраған мефедрон синтетикалық есірткісі болған. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ұсталған жігіттің тұрғылықты мекенжайынан есірткіні қолдануға арналған құралдар табылды.
– Қазіргі уақытта күдікті күзетпен қамауға алынды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген., – дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.