Іс-түссіз жоғалған 475 адам табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған 475 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Полицейлер Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жоғалған 11 жастағы баланың жүрген жерін анықтау үшін ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырды. Ата-анасы жасөспірімнің жоғалғаны туралы 7 қаңтар күні сағат 19:30 шамасында хабарлаған. Олардың айтуынша, ер бала қоқыс төгуге шығып, үйге оралмаған. Іздеу жұмыстарына полицияның барлық сыртқы бөліністегі қызметкері қатысты. Бұдан бөлек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ұстаздар мен жұртшылық жұмылдырылды. Полицейлерге “Lider.kz” волонтерлар ұйымының өкілдері көмекке келді. Олар жоғалған бала туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде таратты. Бұл жағдайды естіген көптеген жергілікті тұрғын көмектерін ұсынды.

Іздеуге атсалысқан 11-сынып оқушысы Илья Шенедрук, Түмен индустриалдық университетінің студенті Александр Подольский мен 20 жастағы электромонтёр Артур Гарбар көппәтерлі үйлердің кіреберістерін, жертөлелері мен шатырларын тексерді. Түнгі сағат 00:00 шамасында олар баланы үйлердің бірінің кіреберісінен тапты. Ол дереу үйіне жеткізілді. Полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізілді.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпаратынша, 2023 жылы адамдардың жоғалуына қатысты 477 арыз келіп түскен. Бүгінгі таңда 475 адамның жүрген жері анықталды. Көптеген іздестіру іс-шарасы волонтерлардың қатысуымен жүргізілді. 28 жағдайда олардың қатысуы оң нәтиже беріп, жоғалған жандарды тауып алуға көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz