Электр қуатының тарифі өспек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Севказэнергосбыт» ЖШС тұрғындарды электр энергиямен қамту қызметінің бағасын өсіруді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта осы мәселе төңірегінде қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің мәліметінше, «Севказэнергосбыт» ЖШС ақпанның 1-нен бастап энергиямен жабдықтау бағасын көтеруге ниетті екенін хабарлады.

Монополист компанияның жобасы негізінде бір киловаттың бағасы сағатына 21,17 теңгеден 24,76 теңгеге дейін өсіру көзделген.

Тұтынушылар топтары бойынша баға келесідей болады:
— 1 топ (халық) – сағатына 17,42 теңге/кВ (қолданыстағы-14,28 теңге/кВ;
— 2 топ (басқа тұтынушылар) — 27,87 теңге/кВт (қолданыстағы-24,23 теңге/кВ);
— 3 топ (бюджеттік ұйымдар) — 35,39 теңге/кВт (қолданыстағы-30,29 теңге/кВт);
— 4 топ (ӘМАТ) — 24,76 теңге/кВтсағ (қолданыстағы — 21,13 теңге/кВт).

– Бағаны көтерудің негізгі себептері бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағасының өсуі, «KEGOC» АҚ, «СК АЭК» АҚ, «РЖД» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Межрегионтранзит» ЖШС реттелетін қызметтеріне тарифтердің өсуі, электр энергиясының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке бағаның көтерілуі болып табылады. Сонымен қатар жалпы тұтыну көлемінің үлес салмағының өзгеруіне және электр энергиясын беру бойынша жоспарланған және нақты шығыстар арасындағы айырмашылықтың туындауына байланысты «Севказэнергосбыт ЖШС-нің алынбаған кіріс шамасының өзгеруі себеп, — деген түсініктеме берді департаменттегілер.

Тыңдаулар қаңтардың 19-ы күні сағат 11:00-де Парк көшесі, 57В мекенжайы бойынша өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz