238
2024 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары етіп Сұлтан Камалетдиновты тағайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — деп жазылған ресми құжатта.
Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.