Полицейлер қар құрсауында қалғандарға көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да учаскелік полиция инспекторы адамдарды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылының маңында бірнеше көлік қар құрсауында қалды. Старомихайловкадағы үйіне бара жатқан жергілікті тұрғын учаскелік полиция инспекторы Әлібек Осиповке қоңырау шалып, қиын жағдайға тап болғанын хабарлаған. Тәртіп сақшысы «Қазавтожол» АҚ-ның тракторларын шақыртып, көмек көрсетті.

Ал Тепличное ауылының маңында жол жиегіне шығып қалған «ГАЗельді» учаскелік полиция инспекторы Ақыл Байтеңізов қызметтік көлігімен шығарды.

«Hyundai» көлігін тізгіндеген РФ азаматы жолдан шығып кеткен. Оны СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Евгений Вишневский мен Алтынбек Омаров байқап қалады. Автокөлікті қардан шығару үшін механизаторлардың көмегіне жүгінуге тура келді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz