Технология және бейнелеу өнері пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге семинар ұйымдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Оқушылар сарайында технология және бейнелеу өнері мұғалімдеріне, сәндік-қолданбалы шығармашылық пен бейнелеу өнері ұжымдарына жетекшілік ететін қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық оқу семинары өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаеваның айтуынша, семинар спикерлері ұсынып отырған материалдар қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби қызметінде көмегі зор. Тіпті таптырмас көрнекілік деуге болады. Бұл семинар арқылы олар кәсіби шеберлігін арттырады және тәжірибе алмасады екен.

Ал семинарға қатысқан  педагогтер  мұндай пайдалы   шараларды  жиі өткізу қажеттігін айтты.

–Осындай семинарлардан алған тәжірибемізді орталықтағы балалармен бөлісеміз. Мысалы, бүгін суретті әртүрлі бағытта салуды, заманауи техникаларды қолдануды үйреніп жатырмыз,  – дейді Айыртау аудандық  қосымша білім беру орталығының оқытушысы Мейірбек Тоқанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz