СҚО полицейлері 5 күнннің ішінде 22 мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер мас күйінде автокөлікті басқарудың 22 фактісін анықтады. Есіл ауданында рейд өткізу барысында тәртіп сақшылары боранда тәуліктің қараңғы уақытында бірден екі жолаушыны тасымалдаған мотоциклшіні байқады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғыны әйелі мен оның туысын алып кеткен. Медициналық куәландыру оның мас күйде екендігін көрсетті. Ер адамның көлікті басқару құқығы болмағаны белгілі болды. Ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Облыс жолдарында ЖПІШ барысында полицейлер 1360 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 63 жылдамдықты асыру фактісі және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеуінің 34 фактісі анықталды.
– Ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыратын адамдар — ықтимал қылмыскерлер. Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды. Мұндай фактілердің алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.