Еліміздің 10 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Синоптиктер республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 16 қаңтарда Алматыда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының орталығында, таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Алакөл көлі аумағында түнде солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында — тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Ал батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғып, солтүстікте, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz