Облыста балаларына алимент төлемей жүргендердің қарызы 192,6 млн. теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, 135 борышкер міндетті төлемдерден жалтарып жүр. Олар балаларына шамамен 146,2 млн. қарыз.
– Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша 43 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңнан жалтармай алиментті уақытылы төлеу мақсатында бүгіндері қарызгерлерді жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Десе де балаларына міндетті төлемдерді аударуға құлықсыз жандар көп. Олар әкімшілік жазадан соң қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін, — дейді СҚО прокуратура мамандары.