«Қызылжар» ФК-ның ойыншылар құрамы 80 пайызға жаңартылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы футбол маусымында «Қызылжар» клубының құрамы 80 пайызға жаңартылады. Бұл туралы солтүстікқазақстандық команданың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бас бапкер Али Алиев мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, «Қызылжар» клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияның Белек қаласында өткізуде. Оқу-жаттығу жиынына команданың орталығында жаттығатын ойыншылар да шақыртылды.

Жерлестеріміз оқу-жаттығу жиынында 6 жолдастық кездесуді өткізуді жоспарлаған. Бүгіндері «Қызылжар» клубының ойыншылары екі матчтың бірінде жеңіске жетсе, екіншісінде жеңілістің ащы дәмін татты.

– Екінші ойынды Венгрияның «Ньиредьгаза Спартакус» клубына қарсы өткіздік. Бұл кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Өкінішке қарай, шетелдік команда бізден басым түсті. Дегенмен әлі де ойындарымыз бар. Онда жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін көрсететініне сенімдімін. Қатарымызға легионерлеріміз қосылған жоқ. Жақын арада олар келген соң, келер маусымға дайындықты күшейтеміз. Айта кеткен жөн, венгриялық ұжым өз елінің чемпионатында бірінші орында келе жатыр, — дейді Али Алиев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz