Есірткі сатумен айналысқан азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есірткі сатумен айналысқан облыс тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер алқасының қатысуымен И.-ға қатысты сот отырысы өтті.

– Айыптаушы тарап алқабилерге салмағы 2,5 кг-нан асатын есірткі құралы гашиштың оралған дозаларын сату мақсатында жалға алынған пәтерде И.-дың аса және ірі көлемде салмағы 600 грамнан асатын кептірілген марихуананы «Telegram» мессенджері арқылы және үлкен мөлшерде 13 гр. гашиш заңсыз сақтағаны туралы даусыз дәлелдемелерді ұсынды. И.-дың кінәсі пәтерді тінту хаттамасында сатуға дайындалған заттарды жеке пайдалануына жол бермейтін мөлшерде анықтау, сараптамалар, ұялы телефонда есірткі сатып алу туралы хат алмасумен дәлелденді, — делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3,5-тармағы бойынша орташа қауіпсіз мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ұялы телефоны қылмыс жасау құралы ретінде тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz