Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 10%-ға өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2023 жылғы қаңтар-қарашада ЕАЭО елдеріне тауар экспорты 9 904,6 млн долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға, импорт – 15 836,8 млн доллар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

2023 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы жалпы тауар айналымы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3%-ға төмендеп, 25 741,4 миллион долларды құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей 91,6%, одан кейін Қырғызстан – 5%, Беларусь – 3,3% және Армения – 0,2% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспортта ең үлкен үлесті машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппаратуралар алады – 26,5%, одан кейін химия және сабақтас салалар өнімдері – 26%.

Қазақстан ЕАЭО елдерінен негізінен жануар және өсімдік текті өнімдерді, дайын тамақ өнімдерін – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды – 19,3% импорттайды.

Өткен жылдың 11 айында Қазақстанның ЕО елдерімен тауар айналымы 5 пайызға артып, 38 миллиард долларға жуықтады. 2022 жылы ЕО-дан Қазақстанға инвестиция көлемі 12,5 миллиард долларды құрап, соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейді көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz