«Есіл-СҚ» клубы «Атырау» командасынан басым түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Волейболдан ерлер командалары арасындағы ұлттық лига ойындарының 3-ші туры Орал қаласында өтіп жатыр. Облыс намысын қорғап жатқан «Есіл-СҚ» командасы турнир кестесінде 4-ші орында жайғасқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жерлестеріміздің еншісінде – 27 ұпай. Көш басында «Павлодар» клубы жайғасса, екінші орында оралдық «Жайық» командасы келе жатыр.

Ұлттық лиганың 3-ші туры аясында солтүстікқазақстандық волейболшылар бес ойынның төртеуін өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіліске ұшырады.

Кеше ғана «Есіл-СҚ» командасы «Атырау» клубымен ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бүгін жерлестеріміз оралдық «Жайықпен» кездеседі. Ойын сағат 17:30-да өтеді деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz