1117 отбасы тексерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полиция қызметкерлерінің мобильді тобы 4 айда балалары бар 1117 отбасын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавлдағы жеке үйлердің біріне мобильді топ дәрігерлердің ақпараты бойынша барған. Мұнда кішкентай бала тұрады, ол дәрігердің бақылауына мұқтаж. Бірнеше рет дәрігердің қабылдауына келмеген. Мұның себебі есепте тұрған 24 жастағы баланың анасының алкогольді шектен тыс асыра пайдалануына байланысты болуы мүмкін.

Мобильді топ мүшелері тұрғын үй жағдайларын тексерді. Отбасы бақылауға алынды, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда істі қарау туралы мәселе шешілуде.

– Учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп тәуекел тобына кіретін отбасыларды тексереді. Денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерінің ақпараты мұқият тексеріледі. Анықталған отбасылар бақылауға алынады, егер олар аз қамтылған деп танылса, тиісті органдар оларға қолдау көрсетеді, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Жақында Қызылжар ауданында ауыр шығынға ұшыраған көпбалалы отбасына полиция мен ауылдық округ әкімдігі жедел материалдық қолдау көрсетіп, жұмысқа орналасуға көмектесті. Бұл мемлекеттік органдардың адамдардың әл-ауқатын көтеру бағытында қолға алған өзара іс-қимылының тағы бір мысалы. Небәрі 4 айдың ішінде ведомствоаралық мобильді топтар кәмелетке толмаған балалары бар 1117 отбасын тексеріп, өмірлік қиын жағдайға тап болған және қолдауды қажет ететін 104 отбасын анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz