СҚО-да жыл басынан бері 110 жұп некелесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 110 жұп отау құрса, оның 7-уі шетел азаматымен некеге тұрған. Сондай-ақ 60 жұп ажырасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық әділет департаментінің мәліметінше, былтыр өңірде заңды түрде 3064 жұп некеге тұрса, 2022 жылы 3459-сы жұп шаңырақ көтерді. Осы статистикалық мәліметтерден өткен жылы отау құрғандар саны аз болғаны аңғарылады. Десе де ажырасу фактілері де төмендегенін байқауға болады.

– 2022 жылы 1707 жұп, 2023 жылы 1669 жұп заңды түрде ажырасты. Биыл небәрі 19 күннің ішінде 60 жұп заңды некелерін бұзуға шешім қабылдады. Оның 40-ы сот арқылы дүние-мүлкін бөліп айырылысты, – дейді СҚО әділет департаментінің бас маманы Эмилия Зуевич.

Мамандардың сөзінше, соңғы жылдары шетелдіктермен неке қию жағдайлары тіркелуде. Мәселен, өткен жылы 192 өңір тұрғыны өзге елдің азаматымен шаңырақ көтерген (2022 жылы – 209 СҚО тұрғыны шетелдіктермен некелесті).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz