Оралда волейболдан өтіп жатқан ұлттық лига ойындарының үшінші турында «Есіл-СҚ» павлодарлық командасына есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Есіл-СҚ» клубы әзірге турнир кестесінде төртінші орында, «Павлодар» командасы көш бастап келеді.
Чемпионаттың үздік командасына қарсы ойында жерлестеріміз аянып қалмады. Алғашқы кезең жерлестеріміздің пайдасына 25:20 есебімен аяқталса, екінші партияда павлодарлықтар есе қайтарды (25:23). Кейін «Есіл-СҚ» клубы қайта есепте алға шықты. Дегенмен «Павлодар» волейболшылары оңай шағылар жаңғақ емес екендіктерін дәлелдеп, соңғы шешу екі бөлімде жеңіске жетті. Нәтижесінде павлодарлықтар 3:2 есебімен солтүстікқазақстандықтарды қапы қалдырды.