Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы «Сарыарқа» командасымен кездесіп, жерлестеріміз қарағандылықтардан ұтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ойын басталысымен мұз айдынының иелері бірінші болып, шайба жіберіп алды. «Сарыарқа» сапында нәтижелі соққыны Тимур Шингареев жасады. Көп ұзамай «Құлагер» ойыншысы Виталий Шульга есепті теңестіріп, бірінші кезеңде 1:1 есебі тіркелді.
Екінші бөлімде қос команда да тартысты ойын көрсетуге тырысты. Десе де қарағандылықтар дегеніне жетіп, Евгений Григоренко «Сарыарқа» клубына жеңіс сыйлады. Үшінші кезеңде бірде-бір ұжым шайбаны қақпаға дарыта алмады. Қорытынды есеп 1:2, жеңіс Қарағандыдан келген команданың еншісінде.