«Дуслық» татар-башқұрт орталығында «Ай да әбиләр» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Үш кезеңнен тұратын байқауға аға буын өкілдері қатысты. Олар, ең алдымен, сахна төрінде өздерін таныстырып, кейін шығармашылық сында өнерлерін көрсетті. Бірі билесе, екіншілері әннен шашу шашты. Ең соңғы турда аспаздық қабілеттерін көрсетті.
– Байқауға 60 жастан асқан 6 үміткер қатысты. Қызылжар ауданынан бөлек, Астанадан келген қарт әжелер де өз білімдері мен таланттарын көрсетуге тырысты. Доданың соңында жүлдегерлер мен түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды, — «Дуслык» татар-башқұрт орталығының өкілі Зулейха Бикметова.