145
Алматы тұрғындары жойқын жерасты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, ұзақ уақыт бойы шайқалған. Жер асты дүмпуінен үйлердің қабырғасы, жиһаздар мен люстралар «сілкінді».
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдар хабарландырылып, қираған ғимараттардың бар-жоғын тексеріліп, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.
— Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін ақпарат берілді, — деп хабарлады департамент.