СҚО-ның 87 ауылын су басуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл жауған қалың қардың салдарынан көктемде су тасқыны орын алуы ықтимал. Мұны құтқарушылар мен синоптиктер алға тартып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мамандарының пікірінше, облыстың 87 ауылына су басу қаупі төніп тұр. Елді мекендердің барлығы өңірдегі су қоймаларының жанында орналасқан. Сол себепті алаңдауға негіз бар.

– Апат айтып келмейді. Мұны естен шығармаған жөн. Көктемгі су тасқынына дайындықты ақпан айында бастаймыз. Жедел штаб құрылып, өзен-көлдерде мұз жарамыз. Көмекке ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері тартылады. Қауырт кезеңде 475 адамнан тұратын арнайы топ жасақталады. 135 техниканы жұмылдырамыз, — дейді СҚО ТЖД қызметкері Ернар Рүстем.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz