Су тасқынын алдын-алу жұмыстары назарда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық әкімдікте көктемгі су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен жиында елдімекендерді су басып қалмау үшін кешенді жұмыстар жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта облыста су басу қаупі төніп тұрған 87 ауыл анықталған. Барлық елдімекен бақылауға алынған.
Жиында белгілі болғандай, су тасқынын алдын алу мақсатында 475 адам мен 135 техникадан тұратын күштер мен құралдар тобы құрылды. Құтқарушыларда 10 жоғары өтімді машина, 6 жол талғамайтын көлік, 7 қайық және 82 мотопомпа бар.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға жұмысты өткен жылдар тәжірибесін ескере отырып ұйымдастыру қажет екенін еске салды. Сондай-ақ су қоймаларын қадағалау мәселесі бойынша көршілес облыстармен өзара іс-қимылды күшейту керектігін де айтты.

– Есіл өзенінің жағалау сызығының жағдайына да ерекше назар аудару қажет. Облыс орталығы мен аудандарда қардан тазалау жұмыстарын күшейту, жеке сектор тұрғындарына өз аумақтарын тазалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деді СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz