Сотталғандарға 60 ұялы телефонды өткізбек болғандар жазаға тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелеріне жалпы саны 60 ұялы телефон әкелудің 12 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, адамдар тыйым салынған заттарды азық-түлікке, құрылыс материалдарына, автокөлік қаптамаларына, спутниктік антенна тюнерлеріне, киім мен аяқ киімге жасыру арқылы өткізудің күрделі тәсілдерін табуға тынысады. Кей тұрғындар ұялы телефондарды, SIM-карталарды, флеш-карталарды, Wi-Fi роутерларын және зарядтағыштарды түрме қоршауларынан лақтыру арқылы және квадрокоптерлерді қолдана отырып өткізуге тырысқан.

— Маңғыстау облысының, Орал, Қостанай және Петропавл қалаларының тұрғындарынан сотталғандарға жолданған сәлемдемелерді тексеру кезінде жалпы салмағы 42,87 грамм есірткі заттарын алудың 4 фактісі тіркелді. Өсімдік тектес заттар темекіге, ет қосылған бес литрлік пластик ыдыстағы сүйекте және жаңғақтың ішіне жасырылған. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттар каннабис шайыры, марихуана, гашиш, опий болып шықты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның үшеуіне айыппұл салынса, қалғаны ескерту алды, — дейді облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті режім және қадағалау бөлімінің бастығы Руслан Жусупов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz