Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев соғыс ардагері Василий Макиенконы 98 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Василий Васильевич Макиенко 1926 жылы қаңтардың 24-і күні Есіл ауданының Волошинка ауылында дүниеге келген. 17 жасында майданға шақырылып, 44-ші атқыштар полкінің қатарында шайқастарға қатысты. Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін бірден Петропавлға көшіп, құрылыс саласында жұмыс істеді. Ардагердің үш қызы, немерелері мен шөберелері бар.
– Қазіргі уақытта жасына байланысты Василий Макиенко ауруханада ем қабылдап жатыр. Қала әкімі соғыс ардагерін құттықтау мақсатында онымен арнайы кездесіп, тезірек сауығып кетуін тіледі, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.