Көктайғақ пен аяздың салдары: Медициналық көмекке 1 мыңнан астам адам жүгінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басталғалы Петропавлдағы травматологиялық орталық дәрігерлерінің көмегіне 1000-нан астам тұрғын жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаңтар айында түрлі дене жарақатын алған 1300-ден астам қала тұрғынына медициналық көмек көрсетілді. Оның дені көшеде абайсыздан құлағандар екен. 100-ден астамы жедел түрде ем қабылдауға жатқызылды.

– Травматологиялық орталыққа күніне 50 шақты адам келеді. Аяздан аяқ-қолын үсітіп алғандар да баршылық. Қаңтар айында 16 тұрғын осы мәселемен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, — дейді көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы травмотология орталығының меңгерушісі Валерий Грибашов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz