Шаңғы базасын жарықтандыру қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы спорт мектептерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы алдымен «Дельфин» су спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінде болды. Онда 350-ден астам бала жаттығады. Өткен жылы нысанда күрделі жұмыстары жүргізіліп, мекеменің шатырын қалыпқа келтіруге 67 млн. теңге жұмсалды. Сондай-ақ былтыр бассейінді жаңартуға 55 млн. теңге қарастырылып, жұмыстарды мердігер биыл аяқтады.

420203142 7318097031585485 2756911393465459388 n

417502912 7318097424918779 6445809401158237454 n

Облыс әкімі қаладағы олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат-колледжінде де болды. Қазіргі уақытта оқу ошағында 370-ке жуық бала білім алып, бірнеше спорт түрі бойынша жарыстарға дайындалуда.

– Оқу орнында балалар 14 спорт түрі бойынша жаттыға алады. 2021 жылы колледжде хоккей бөлімі ашылды. Ғимаратта 100 орындық асхана, түрлі тренажер залдары және жатақханасы бар. Қазіргі уақытта жатын бөлмелері қарастырылған ғимарат тұрғызылуда, — дейді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Сергей Мелехов.

Ғауез Торсанұлы олимпиадалық резервті дайындау орталығының шаңғы базасында да болды. Оның жетекшісі Ольга Надобенконың айтуынша, «Борки» кентінде орналасқан шаңғы тебу алаңында бір-ақ шаңғы жолағы жарықпен қамтылған.

– Енді 2 жарым шақырымға созылған шаңғы жолақтарына жарық тарту қажет. Жақын арада базада көрермендерге арналған трибуналар орнатылады. Шаңғыларды ауыстыруға арналған кабинкаларды да қоюды жоспарлап отырмыз. Материалдық-техникалық базамызды нығайтуға 20 млн. теңге бөлінді, — дейді Ольга Надобенко.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz