Петропавлда оңалту орталығы ашылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда перинаталдық орталық жанынан оңалту орталығы ашылмақшы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа орталыққа барып, ашылу алдындағы  дайындығын көрді. Орталықты күрделі жөндеуден өткізу үшін  бюджеттен қаржы бөлінген.  Ал  «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқы» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларды оңалтуда  соңғы технологиялар  қолданылады. Орталықта 15 төсек орын бар. Жоспар бойынша күндізгі стационарда жыл сайын 360 бала оңалтудан өтеді.

Әр баланың жеке жоспары болады. Невропатолог, реабилитолог, педиатр, невролог, эрготерапевт, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог пен логопед мамандары көмек  көрсетеді.

Сонымен қатар «Қамқорлық» бастамасы аясында облыстық балалар ауруханасындағы оңалту орталығын да жаңғырту көзделген.  Жобаны жүзеге асыру  ерекше қажеттіліктері бар балаларды ортаға  бейімдеуге және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz