СҚО әкімі мен «CLAAS» басшылығы дилерлік орталық ашу мәселесін талқылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  «CLAAS» компаниясының вице-президенті  Нильс Ройчпен жүздесті. Кездесуде қос тарап ауыл шаруашылығы техникасын жинау жобасының даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шетелдік компания басшылығы «CLAAS» және «HORSH» маркаларымен комбайндарды, тракторларды және тұқым себу кешендерін құрастыруды ұлғайтуды, ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.

Кездесуде сервистік қызмет көрсету мен кепілдікті қамтуды жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірімізде дилерлік орталық ашу мәселесі де көтерілді. Оның аясында сервистік инженерлер құрамын, қосалқы бөлшектермен тұрақты қамтамасыз етілетін сервистік қоймаларды көбейту қажет болады.

Біз өз тарапымыздан инвесторға жоғарыда аталған мәселелерді шешуде қажетті қолдау көрсетеміз, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz