Қазақстанның ЕАЭО-дағы қарызы бір жылда 1%-ға жуық өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы қарызы 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 119,7 млрд доллар немесе 18% азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша, 2022 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда жалпы сыртқы қарыз Беларусьте (11,7%-ға) және Ресейде (26,8%-ға) азайды.

— Арменияда, Қазақстанда және Қырғызстанда қарыз өсті (тиісінше 9,5%, 0,8% және 8,2%), — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстанда сыртқы қарыздың секторлар бойынша өзгеруі көп бағытты болғаны хабарланды. Сыртқы қарыздың айтарлықтай өсуі банк секторында байқалды: Қазақстанда – 32,8%, Қырғызстанда – 36,2%. Төмендеді – Қырғызстандағы ақша-несие органдарының қарызы (48,7%-ға).

— Сыртқы қарызды халықаралық резервтермен жоғары жабу тек Ресейде ғана (176,5%) қамтамасыз етілген. Басқа мүше мемлекеттерде бұл көрсеткіш Қазақстанда 19,7%-дан Арменияда 27,3%-ға дейін ауытқыған. 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдаймен салыстырғанда Өткен жылдың сәйкес күні Қырғызстан мен Қазақстанда халықаралық резервтердің сыртқы қарызға қатынасы төмендеді, — деп атап өтті ЕЭК.

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен 2024 жылға арналған квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызының шекті көлемі бекітілген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz