Полицейлер қызметтерінің артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы баян етті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Есіл ауданындағы Покровка ауылында орналасқан Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде студенттермен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД қызметкерлері жасөспірімдерге полициядағы қызметтің ерекшеліктері мен басымдықтары туралы айтып, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға шақырды.

СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, жұмысқа орналасу туралы баяндады. Жастарға полициядағы цифрландыру қалай жүргізіліп жатқаны көрсетіліп, жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын тіркейтін мобильдік құрылғылар, «102» қосымшасы және бүгінгі күннің полицейлеріне қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмысты сапалы орындауға мүмкіндік беретін басқа да жаңашылдықтар туралы бейнероликтер ұсынылды.

Абылғазы Ғабдуллин ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша өңірлердегі полиция департаменттерінде тәлімгерлер кеңесі құрылғанын атап өтіп, олардың құрамына бұрын полицияда басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі зейнеткерлер кіргенін айтты.

Іс-шараның соңында СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобы ауылдықтарға әсерлі концерт тарту етті. Ал қоян-қолтық ұрыстың тәсілдері мен қарулы қылмыскерлерді құрықтауды көрсеткен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің өнері жастардың қызығушылығын оятты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz